Жамбыл облысында заңсыз алтын өндіргендер ұсталды

Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында алтын кенін заңсыз өндіретін орын анықталды. Оны Мойынқұм ауданында 52 жастағы алматылық ұйымдастырған. Ер адам ұсталып, одан қару тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысында алтын кенін заңсыз өндіретін орын анықталды. Оны Мойынқұм ауданында 52 жастағы алматылық ұйымдастырған. Ер адам ұсталып, одан қару тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыс болған жерді тексеру барысында полицейлер тіркелмеген 16 калибрлі бір ұңғылы аңшылық мылтығын тапты. Сондай-ақ, жарылыс жұмыстарын жүргізуге арналған қолдан жасалған сегіз тұтандырғыш тәркіленді.

"Анықталған факт бойынша ҚР ҚК-ның 287-бабы 3-бөлігі "Атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама