21 қаңтар 2022 12:02

Жамбыл облысындағы Nur Otan филиалының ғимаратын өртеді деген күдікті ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтанда жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікке ілінген Жамбыл облысының 35 жастағы тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ұсталған азамат Шу ауданы Төле би ауылында Nur Otan партиясы филиалының ғимаратын өртеуге қатысқан.

"Қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген ер адам 9 қаңтарда елордаға келіп, жалға пәтер алып тұрған. Оған іздеу жарияланған. Биыл 14 қаңтарда Жамбыл облысы ПД Шу полиция бөлімі күдіктіге іздеу жариялады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram