ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қыркүйек 2022 | 08:56
Жамбыл облысындағы сарбаздың өлімі: күдікті ұсталды
ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі қатардағы сарбаз Бекбол Мираштың өліміне қатысты іс бойынша Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасының Тараздағы бөлімі тергеу жүргізіп жатқанын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Тараздың мамандандырылған тергеу соты оған қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция тағайындады. ҚР ҚПК 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, соталды тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмеуіне байланысты тергеп-тексеру барысы және қылмыстық істің мән-жайы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілмейді", - делінген хабарламада.
Қылмыстық іс ҚР ҚК 451-бабының 2-бөлігі, яғни "Билігін, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланудың ауыр зардаптарға әкеліп соғуы" бойынша қолға алынғаны анықталды.
19 тамызда атыраулық әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Қызылқоға ауданы Миялы ауылының 18 жастағы тумасы Бекбол Мираш Жамбыл облысындағы "Шөлдала" шекара бөлімшесінде әскери борышын өтеп жатқан. Марқұмның туыстары өз-өзіне қол жұмсау болжамына сенбейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также