ПОДЕЛИТЬСЯ
20 желтоқсан 2022 | 08:55
Жамбыл облысындағы шекара заставаларының бірінде сарбаз атыс шығарды
Жамбыл облысындағы шекара заставаларының бірінде 19 жастағы әскерге шақырылған сарбаз автоматты ұрлап алып, оқ жаудырған. Құрбандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, оқиға Жуалы ауданында 18 желтоқсанға қараған түні болған. Түнгі сағат үштер шамасында атыс дыбысын жақын маңдағы Алатау ауылының тұрғындары естіген. Олар дабыл қаққан.
Шын мәнінде не болғаны және сарбаздың қазір қайда екені белгісіз. Ведомство бұл оқиғаға қатысты түсініктеме бермеді. Әскерге шақырылушының үстінен атыс қаруын ұрлағаны үшін іс қозғалғаны ғана белгілі.
"Аталған факт бойынша ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Тараз қалалық басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 291-бабы бойынша соталды тергеу амалдарын бастады", - делінген әскери прокуратураның хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также