27 желтоқсан 2022 | 10:41

Жамбыл облысының экс-әкімі ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің директоры Кәрім Көкірекбаев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің директоры Кәрім Көкірекбаев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Кәрім Көкрекбаевтың пара алу кезінде ұсталғаны туралы ақпарат ресми растады.

Көкірекбаев "BAZIS CONSTRUCTION" - "INFR." ЖШС бөлімшесінің директоры Андрей Поплавскийден шамамен 800 мың доллар пара алу кезінде ұсталған.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Кәрім Көкірекбаев 1957 жылы 28 шілдеде Жамбыл облысы Шу ауданында туған.

Еңбек жолын 1975 жылы Шу станциясы локомотив депосы машинисінің көмекшісі болып бастады.

Әр жылдары табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, "Air Kazakhstan Tour" компаниясының бас директоры, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ бас инженері, басқарушы директоры, вице-президенті, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

2013 жылдың желтоқсанынан 2018 жылдың қаңтарына дейін Жамбыл облысының әкімі болды.

2018 жылдың ақпаны мен 2019 жылдың тамызы аралығында Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная