17 маусым 2021 | 16:30

Жамбыл облысының тұрғыны мылтықпен 5 адамды жаралады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында тұрғын мылтықпен бес адамды жаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында тұрғын мылтықпен бес адамды жаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 15 маусымда полицияға Сарысу аудандық орталық ауруханасына 20, 22 және 24 жастағы бес адам түрлі жарақатпен жеткізілгені туралы хабар түскен. Тергеу барысында жанжал болғаны анықталған. Оқиға барысында тұрғын бес адамға мылтықпен бірнеше рет оқ атқан.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 22 жастағы күдіктіні ұстады. Ол өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Барлық тиісті сараптама тағайындалды. Дерек бойынша ҚР ҚК-нің "Екі және одан да көп адамға қатысты бұзақылық ниетпен жасалған кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша соталды тергеу басталды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная