ПОДЕЛИТЬСЯ
04 ақпан 2022 | 18:30
Жамбылдағы тәртіпсіздіктер: полицейлердің көлігін өртеп жіберген күдікті ұсталды
Жамбылдық полиция қызметкерлері полицияның қызметтік көліктерін өртеген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жамбылдық полиция қызметкерлері полицияның қызметтік көліктерін өртеген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
5 қаңтарға қараған түні Таразда Қазыбек би және Әйтиев көшелерінің қиылысында, сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігі ғимараты маңында 11 полиция қызметкерінің автокөлігі бүлінген, оның жетеуі өртенген.
"Полиция күдіктілердің бірі - Жуалы ауданының бұрын сотталған 23 жастағы тұрғынын ұстады. Ол автокөліктерді бүлдіруге қатысып, бірнешеуін өзі өртеп жіберді. Сондай-ақ, ағаш таяқпен "Атшабар" ТК-дегі банк терезін сындырды", - деді полиция қызметкері.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также