18 қазан 2019 13:01

Жаңаөзенде қалалық соттың судьясы пара алғаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Жаңаөзенде қалалық соттың судьясы пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.


Жаңаөзенде қалалық соттың судьясы пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Жаңаөзен қалалық сотының судьясы А.С.Сейлхановаға және қала әкімдігінің ТКШ бас маманы А.Е. Ақназаровқа қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Дереккөз мәліметінше, Сейлханова Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімінің талап арызын қараусыз қалдыру туралы өкім шығарғаны үшін Ақназаров А.Е. арқылы 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Бұл фактіні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ішкі қауіпсіздік және Жоғарғы Соттағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп анықтады.

Осы жылдың 17 қазанында Ақтау қалалық сотының үкімімен Сейлханова сотталып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, сот үкімімен Ақназаров та сотталып, оған 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

Бүдан бөлек, сотталғандардың мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылғаны айтылады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети