ПОДЕЛИТЬСЯ
04 желтоқсан 2020 | 07:17
Жаңаөзенде қылмыскерлер инкассаторға шабуыл жасап, үш қап ақша ұрлады - БАҚ
Жаңаөзенде 3 желтоқсанда кешкі уақытта инкассаторға шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Telegram желісіндегі Yedilov online каналына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жаңаөзенде 3 желтоқсанда кешкі уақытта инкассаторға шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Telegram желісіндегі Yedilov online каналына сілтеме жасап.
"Кейбір дереккөздің мәліметінше, Жаңаөзенде 3 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 18:40-та "Көктем" шағынауданында орналасқан "Сбербанк Қазақстан" АҚ еншілес банкінің №2 бөлімшесінде инкассация кезінде төрт қылмыскер инкассатор көлігіне пышақпен шабуыл жасады", - делінген хабарламада.
"Қылмыскерлер жалпы сомасы 62 532 542 теңге, 19 696 доллар, 495 450 ресей рубль салынған үш қап пен Kaspi мультикассетасын алып кеткен. Инкассатор жүргізуші шабуыл жасаған ақ Nexia көлігіне бес рет оқ атқан. Жаңаөзен қаласының полиция басқармасы "Ұстау" жоспарын жариялады", - деп хабарлады телеграм-канал.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также