Жангелдинде жұмбақ жағдайда жоғалған отбасы: қазірге дейін не белгілі?

Дина Шарипханова Корреспондент
Жангелдинде жұмбақ жағдайда жоғалған отбасы: қазірге дейін не белгілі?

Атырау облысында өлі табылған зейнеткерлердің қызы және осы іс бойынша күдікті ретінде танылған оның күйеуі халықаралық іздеуге жарияланды. Қазіргі уақытта Сұлтан Сарсемалиевтің қайда жасырынып жүргені белгісіз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК сюжетіне сілтеме жасап.

Атырау облысында өлі табылған зейнеткерлердің қызы және осы іс бойынша күдікті ретінде танылған оның күйеуі халықаралық іздеуге жарияланды. Қазіргі уақытта Сұлтан Сарсемалиевтің қайда жасырынып жүргені белгісіз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК сюжетіне сілтеме жасап.

Мән-жайы

Сұмдық қылмыс Жангелдин ауылында болған. Онда өткен күзде бүтін бір отбасы түгелдей жоғалып кеткен. Қаңтардың басында олардың үйіндегі қорадан зейнеткер ерлі-зайыпты өлі табылды. Ал олардың 33 жастағы ұлы мен 35 жастағы қызы әлі күнге дейін табылған жоқ.

Реклама
Реклама

Марқұмдардың туыстары 66 жастағы Мақсот Қарабалин мен оның жұбайы қаза тапқаннан кейін де олардан аудиохабарламалар алып отырғандарын айтты. Сондықтан ешқандай күдік те туындамаған көрінеді.

Марқұмның інісі Шалқар Мұқанғалиевтің айтуынша, ерлі-зайыпты өмірден өткен болуы мүмкін деген күннен кейін де отбасылық чаттарға хабарламалар келіп тұрған. Осындай аудиохабарламалардың бірі 7 қарашада келген. Бірақ жақындары бұл уақытта ерлі-зайыпты қайтыс болғанына сенімді.

Тек 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына қала тұрғынынан ағасы мен оның отбасы бір айдан аса уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз түскен.

6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды.

"Бұл дерек бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер анықталды. Қазір оларды іздеу және ұстау мақсатында құқық қорғау органдары жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр", - деді бұған дейін полиция.

Кейін Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Бұл оқиғаға өзге де адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

qamqor.gov.kz

Сұлтан Сәрсемалиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелген. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізеді.

Қазір не белгілі?

Марқұмдардың ұл-қызы әлі іздестіріліп жатыр.

"Мейрамгүл мен Наурыз табылса екен дейміз. Олар өлі-тірі екенін білмей отырмыз. Ағамыз бен жеңгемізді тауып, жер қойнына тапсырдық. Өте қиын. Мұндайды ешкімнің басына бермесін! Бір отбасын түгел құрту деген кімнің ойына келді?! Малы - бәрі қалды. Наурыз тірі табылса, шаңырақтың есігі жабылмай, кіріп келер едік. ...Ауылдың іші әзірге тыныш. Әлі де іздейтін жұмыстар бар сияқты", - деді жоғалған отбасының туысы Ләззат Кенжеғалиева.

Атырау облыстық Полиция департаменті журналистерге күдіктінің халықаралық іздеуге жарияланғанын мәлімдеді.

"Екі адамның мәйіті табылғаннан кейін тағы төрт адам әлі іздестіріліп жатыр. Екі жәбірленушіні іздеу жұмыстары тоқтатылған жоқ. Хабар-ошарсыз кеткендер ретінде зейнеткерлердің кіші қызы, сондай-ақ оның күйеуі де халықаралық іздеуге жарияланды. Ол күдікті ретінде іздестіріліп жатыр", – деді Атырау облысы ПД ресми өкілі Мейірім Ердәулет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама