ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қыркүйек 2022 | 11:05
Жауап алу кезінде көзі көрмей қалған астаналық сотта ақталып шықты
Сату мақсатында есірткі сақтағаны үшін сотталған Астана тұрғынын сот кінәсіз деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сату мақсатында есірткі сақтағаны үшін сотталған Астана тұрғынын сот кінәсіз деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанайда облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Астана қаласының тұрғынына қатысты ақтау үкімін шығарды. Бұған дейін ол аса ірі мөлшерде марихуана мен мефедронды заңсыз сақтағаны үшін 7 жылға сотталған. Есірткі оның Қостанайда жалдап тұрған пәтерінен табылған. Сот барысында сотталушы өзін полицейлер азаптағанын, тіпті бір көзі көрмей қалғанын айтқан. Бірақ, соған қарамастан, айыптау үкімі шыққан. Сотталушының қорғаушылары апелляциялық шағым түсіріп, сот алқасы Астана тұрғынын ақтап шықты.
"Соталды тергеп-тексеру барысында денсаулыққа ауыр зиян келтіру түріндегі дене жарақатын алу, азаптау туралы өтініш бойынша құзыретті органдар тарапынан талап етілетін шараларды жылдам және бейтарап тергеп-тексеруге қабылдамау дерегі анықталғанын ескере отырып, жауап алудың барлық хаттамалары, оларға мойындау айғақтары берілген жерді тексеру және нақтылау хаттамасы жол берілмейтін дәлелдемелер деп танылды", - деді Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі өкілдері.
Ал есірткіге сараптама тағайындау туралы қаулы мен сарапшының қорытындысы, сот пікірінше, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сай келмейді. Сот алқасы соталды тергеп-тексеру барысында сотталушының құқығы бұзылғанын атап өтті, атап айтқанда: оның сол жақ көзі көру қабілетінен айырылып, ауыр дене жарақатын алғаны, көлігіне зақым келгені, тінтуден кейін оның жеке заттарының ұрланғаны анықталған, полиция қызметкерлері одан тәркіленген телефонды пайдаланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также