23 қараша 2021 | 09:23

"Жібек жолы" кеден бекетінде шетелдікті тонаған күдіктілер ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
© 24.kz

Түркістан облысында полиция қызметкері шетелдік азаматты тонаған күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында полиция қызметкері шетелдік азаматты тонаған күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Сарыағаш ауданындағы "Жібек жолы" кеден бекетінде болған. Полицияның учаскелік инспекторы Мақсат Пернебаев екі белгісіз адамның ер адамға шабуыл жасап, ақша салынған әмиянын тартып алғанын көрген. Полицей дереу қуып жетіп, қаскөйлерді дер кезінде ұстады.

Шетелдік азаматты ұрып-соғып, тонаған екі күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Қарақшылар тартып алған ақша 900 доллар.

Реклама
Реклама

Белгілі болғандай, жәбірленуші Өзбекстан азаматы болып шықты. Ол кету үшін бақылау-өткізу бекетінен өткенде оның әмиянында ақша барын байқаған екі ер адам оны тонауға бел буған. Осылайша, олар шетелдікті тонап кеткен. 

Сондай-ақ, күдіктілердің жергілікті тұрғындар екені, олардың бірінің бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны анықталды. Қазір ұсталғандардың екеуі де қамалды. Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная