08 маусым 2023 15:01

"Жеке күзет, жақсы табыс". Қостанайда студенттерді жезөкшелікке тарту схемасы әшкереленді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:polisia.kz

Қостанайда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жезөкшелікпен айналысуға тарту бойынша жеңгетайлық қылмыс схемасын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жезөкшелікпен айналысуға тарту бойынша жеңгетайлық қылмыс схемасын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ Қостанай қаласының 39 жастағы тұрғынын анықтаған. Ол әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы ұзақ уақыт бойы қалалық колледждердің бірінің жас студенттерін жезөкшелікпен айналысуға тартқан.

"Алдымен ол массаж шебері ретінде жұмысқа орналасу туралы сұхбат жүргізіп, кейін ол қыздарға ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсетумен айналысатындықтарын айтады. Қыздарды ол жеке күзетпен, әртүрлі жалдамалы пәтерлерде клиенттерді таңдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз еткен. Сондай-ақ, жеңгетай қысқа мерзімде жақсы табыс табуға уәде берген. Бұл бизнесті ұйымдастырушы жезөкшелікпен айналысуға 10-нан аса қызды тартқаны белгілі болды. Полицейлер қылмыс жасау тетігін және қылмыстың барлық мүшесін толық анықтады", – деді Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Серік Байғонов.

Реклама
Реклама

Жалдамалы пәтерлер мен тұрғылықты жерлерге тінту жүргізу барысында жеке заттар, телефондар мен 5 миллион теңгеден аса қаражат және 8 мың ресей рублі тәркіленді. Дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 308-бабы ("Жезөкшелікпен айналысуға тарту") бойынша соталды тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram