27 наурыз 2020 | 12:43

Желіде Қызылорда облысы әкімінің ұсталғаны туралы хабарлама тарады

Желіде Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов ұсталды деген қауесет тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов ұсталды деген қауесет тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

WhatsApp-та тарап жатқан хабарламада Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов, оның көмекшісі, оған туыс болып келетін бизнесмен мен тағы бір кәсіпкердің ұсталғаны туралы айтылып жатыр. Жарияланған хабарламада ұсталды делінген адамдардың аты-жөні толықтай жазылған.

Реклама
Реклама

"Кеше жұмыста болды. Бүгінгі жағдай бойынша нақты мәлімет бере алмаймыз. Біз қашықтан жұмыс істеу режиміне көштік. Құзырлы органдарға хабарласуды сұраймыз, себебі облыс әкімдігі нақты мәлімет бере алмайды", - деді облыс әкімінің баспасөз қызметіндегілер.

Ішкі істер министрлігінің өкілдері полиция қызметінің бұл хабарламаға қатысы жоғын айтады. Сондықтан да ведомство бұл мәліметті не растамай, не жоққа шығара алмай отыр.

Айта кетейік, Қуанышбек Ысқақов Қызылорда облысы әкімі қызметіне 2019 жылдың маусымында келген еді. Оған дейін ол облыс әкімінің орынбасары қызметінде болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная