05 ақпан 2021 | 09:10

Желіде Маңғыстау Денсаулық сақтау басқармасы басшысының ұсталғаны туралы ақпарат тарады

Жамал Жаманбаева. © lada.kz

Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаеваның ұсталғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаеваның ұсталғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Ол сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Шенеунік қызмет бабын пайдаланып, рентген аппараттарын жоғары бағамен сатып алуға өтініш жасады деген ақпарат тарап жатыр. Осылайша Денсаулық сақтау басқармасының басшысы мемлекетке 63 миллион теңге залал келтірген.

Реклама
Реклама

"Лада" және инАктау басылымдарының мәліметінше, Жаманбаеваның ұсталғаны туралы ақпаратты YEDILOV ONLINE Telegram-каналы таратқан.

Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасы мен облыс әкімдігінің баспасөз қызметі тарап жатқан ақпаратқа қатысты пікір білдіруден бас тартты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шенеуніктің ұсталғаны туралы хабарды растамайды не жоққа шығармайды. Жамал Жаманбаеваның ұялы телефоны сөніп тұр.

Жамал Жаманбаева Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне 2020 жылдың мамырында тағайындалды. Бұған дейін ол облыстағы перинаталдық орталықты басқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная