13 қараша 2021 13:20

Желіде Нұр-Сұлтандағы сауда орталығында төбелескен ер адамдардың видеосы тарады

Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде төбелес шығарған ер адамдардың видеосы тарап жатыр. Елордалық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілердегі жарияланым авторы 9 қарашада 17 жастағы екі қыз "Керуен" сауда және ойын-сауық орталығында серуендеп жүргенде, оларға бейтаныс жігіттер қырындағанын айтты. Қыздардың бірі 19 жастағы ағасына қоңырау шалып, шақырғаны, содан жігіттер арасында жанжал шыққаны хабарланды.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 102 арнаға сағат шамамен 21.30-да төбелес туралы хабарлама түскен.

Реклама
Реклама

"Материал Есіл аудандық полиция басқармасында тіркелді. Аталған дерек бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта кінәлілерді анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр", - деді полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram