11 қаңтар 2020 10:07

Желіде пара алған инспекторларды ұстау видеосы жарияланды

видеодан үзінді

Алматы қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық жасады деген ген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының маманы мен жетекші маманына қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @anticorruption.kz (@anticorruption.kazakhstan) 10 Янв 2020 в 4:17 PST

"Алматы қаласының аумағы бойынша жүк автокөлік құралдарының кедергісіз жүргені үшін маман делдал арқылы 200 мың теңге, ал сол бөлімшенің жетекші маманы 270 мың теңге жүк тасымалдаушылардан пара алды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада. 

Тергеу жалғасады.

Куәгерлер инспекторларды ұстау шарасы кезінде видеоға түсірген. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram