14 қаңтар 2020 | 09:12

Жеңгесінің қатысы бар. Алматылық қыз жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болғанын айтты

Видео кадры

Алматыда 25 жастағы келіншек біреулердің ұрлап әкетіп, жөзекшелік жолға түсірімек болғандар туралы айтып шағымданды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 25 жастағы келіншек біреулердің ұрлап әкетіп, жөзекшелік жолға түсірімек болғандар туралы айтып шағымданды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, жәбірленушіні алдымен бір үйде соққыға жығып, кейін жеңіл жүрісті қыздардың ордасына алып барған. Бойжеткенді екі күн қамауда ұстағандардың бірі оның бұрынғы жеңгесі болып шыққан.

Реклама
Реклама

Қатты соққыдан есеңгіреп әрең тілге келсе де жәбірленуші полицейлерге өзін қай жерде және кімдердің қамап ұстағанын көрсетіп берген. Зорлық құрбанының денесінің сау тамтығы қалмаған - басы жарылып, үсті-басы түгел қанталап кеткен. Ауыр соққыдан есеңгіреп, әлсіреп қалған. 

"Қарап тұрмаңдаршы, бәрің неге қарап тұрсыңдар?! Тамақ ішетін ожаумен, сосын ток ұзартқыштың бауымен буындырып, арқамнан аяқпен теуіп, қолымен ұрып, тізесін батырды. Камила мен Аида ұрды", - дейді жәбірленуші. 

Екі күн құлдықта болған бойжеткен ретін тауып, түн ішінде жақындарына хабарласқан. Өзін қай жерде күштеп ұстап отырғанын айтып үлгерген. Бірақ айтылған мекенге тәртіп сақшыларымен бірге жеткен туысқандары үйге кіре алмай, қайтып кеткен. Ал істің насырға шапқанын білген сыбайластар ертеңіне оны Сайран автобекетіне ертіп әкелген.

"Толық қыз сіңілімді жетектеп қасында келді. Сіңілімді көрдім. Құшақтап амандасқанда, "әпше, маған көмектесші, алып қашшы" деп жылады", - дейді жәбірленушінің әпкесі. 

Жәбірленуші полицейлерге көрсеткен үй маңайында тәртіп сақшылары көбейіп, оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетті. Абыр-сабырды естіген көршілер бұл үйден талай рет жеңіл жүрісті қыздарды көргенін айтады. Ал алғашында қақпасын ашудан бас тартқан үй иесі артынша полицейлерге тап берген.

Полицейлер үйдің ішін тінтіп, бірнеше адамды ішкі істер басқармасына алып кеткен. Ал зорлық көрген бойжеткен әлі де қауіпсіздігі үшін алаңдайтынын айтқан.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная