22 сәуір 2023 | 17:32

Жетісу облысында әйелдің үйіне қарулы шабуыл жасап, тонап кеткендер ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Жетісу облысы Панфилов ауданы Көктал ауылында бетперде киген белгісіз біреулер 28 жастағы жергілікті тұрғынның үйіне кіріп, күш көрсетіп 22 миллион теңгенің дүниесін алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жетісу облысы Панфилов ауданы Көктал ауылында бетперде киген белгісіз біреулер 28 жастағы жергілікті тұрғынның үйіне кіріп, күш көрсетіп 22 миллион теңгенің дүниесін алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

21 сәуірде полицейлерге Көктал ауылындағы жер үйге қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түскен.

"28 жастағы әйелді байлап, пышақпен қорқытып, қолма-қол ақша талап еткен. Сондай-ақ, жәбірленушіні арасында тұншықтырған. Ойлағандарын іске асыра алмағаннан кейін, қарақшылар екі қымбат телефон, гауһар тастары бар зергерлік бұйымдар, ноутбук, әмиян және аулада тұрған шетелдік көлікті алып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын шамамен 22 миллион теңге", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Аудандық полиция қызметкерлері облыстық криминалдық полиция және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел уәкілдерінің көмегімен күдіктілерді уақытында анықтады. Олардың бірі 23 жастағы жергілікті, екіншісі Көксу ауданының бұрын сотталған 29 жастағы тұрғыны болып шықтқан.

Екеуі де ұсталып, қамауға алынған. Ұрланған заттардың барлығы, соның ішінде ұрланған көлік табылып, заңды иесіне қайтарылды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жасалған қарақшылық) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная