10 қараша 2023 | 17:02

Жетісудағы арнайы операция: қылмыстық топ әшкереленді

видео кадры

Жетісуда полицейлер браконьерлер тобын құрықтау бойынша ауқымды операция жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жетісуда полицейлер браконьерлер тобын құрықтау бойынша ауқымды операция жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен Балқаш көлінде заңсыз балық аулап, оны сатумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті.

Реклама
Реклама

Топтың құрамына Сарқан ауданы мен Талдықорған қаласының тұрғындарынан тұратын 30-дан астам адам кірген. Олардың әрбірінің өз рөлі болған: ұйымдастырушылар, браконьерлер, тасымалдаушылар және сатып алушылар. Шамамен 20 тінту іс-шарасы жүргізіліп, 51 тоннадан астам балық, 38 атыс және травматикалық қару, олардың 15-і тіркелмеген, 450-ден астам оқ-дәрі, ірі көлемдегі қаражат, діни әдебиет, 11 мотор қайығы және ұзындығы 80 метрден 120 метрге дейін жететін 210 балық аулайтын ау тәркіленгені айтылды.

Келтірілген шығын шамамен 270 млн теңгеден асады.

"Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша қылмыстық топтың барлық қатысушысы полицияға жеткізіліп, олардың төртеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адамдар тобының ірі көлемде шығын келтіре отырып, заңсыз балық аулау мен қару сақтау фактілері бойынша тергеуді Жетісу облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы жүргізіліп жатыр", – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная