27 наурыз 2022 13:23

Жезқазғанда үш жігітті тепкілеп кеткендердің видеосы тарады

Фото: Tengrinews.kz

Жезқазғанда жастар арасында төбелес болды. Оқиға видеоға түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жезқазғанда жастар арасында төбелес болды. Оқиға видеоға түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төбелес 25 наурызда болғаны белгілі. Әлеуметтік желілерде оның видеосы енді тарап жатыр. Кадрлардан бірнеше ер адам үш жігітті тепкілеп кеткенін көруге болады.

Бейнежазба құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалмады. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді.

Реклама
Реклама

"Полицейлер қақтығыс 25 наурызда Жезқазғанда болғанын анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында Жезқазған полиция басқармасының қызметкерлері 17-18 жас аралығындағы төрт адамды ұстады", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, ведомство өкілі ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу басталғанын айтты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram