11 маусым 2020 10:31

"Жігіті ұрып-соғып, ақшасын тартып алған". Алматылық қыз сұмдық суреттер жариялады

Қазнетте жігіті ұрып-соққан алматылық қыздың сұмдық суреттері тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазнетте жігіті ұрып-соққан алматылық қыздың сұмдық суреттері тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен енді бұдан әрі үндемей қоя алмаймын! Жігітім мені осымен бір жол бойы ұрып-соғып, ақшам мен телефонымды тартып алып жүр, өлтіремін деп қорқытып жүр. Өмірім үшін қорқамын", - деп жазған қыз Instagram желісіндегі парақшасында.

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Обычный человек. (@aidinovnab) 10 Июн 2020 в 1:58 PDT

Алматы полиция департаменті қыздың 10 маусымда арыз жазғанын айтты.

"Қазіргі уақытта Алмалы ауданының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында және кінәлі адамды жауапкершілікке тарту мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізіледі", - деді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, қажетті сараптамалардың жүргізілетіні айтылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram