ПОДЕЛИТЬСЯ
11 қараша 2024 | 14:52
Жоғалып кеткен қазақстандық өлі табылды: төрт адам ұсталды
Алматы облысында жоғалып кеткен қазақстандық өлі табылды. Полиция қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында жоғалып кеткен қазақстандық өлі табылды. Полиция қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қарасай ауданы, Жібек ауылында із-түссіз жоғалып кеткен 51 жастағы ер адам іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат пайда болған еді. Ол 2 қарашада үйінен шығып, қайтып оралмаған. Кейін еріктілер ер адамның қайтыс болғанын хабарлады.
Алматы облысының полициясы 9 қарашада Алмалыбақ ауылының шетінде 2 қарашада хабар-ошарсыз кеткен 51 жастағы ер адамның денесі табылғанын хабарлады. Адам өлтіру дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша 9 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері төрт күдіктіні анықтап, ұстады және УҰИ-ға қамауға алды", - деп хабарлады полиция.
Алматы облысы ПД барлық мән-жай мен себептерін объектив зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатқанына сендірді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также