11 ақпан 2021 | 17:11

Жоғарғы Сот судьясы ірі көлемде пара алды деген айыппен ұсталды

Қазақстан Жоғарғы сотының судьясы ірі ақша сомасын алған кезде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ЖС баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Жоғарғы сотының судьясы ірі ақша сомасын алған кезде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ЖС баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Жоғарғы Соттың ішкі қауіпсіздік қызметі белгілі бір уақыт ішінде бірлескен шаралар өткізді. Нәтижесінде биыл 11 ақпанда Нұр-Сұлтанда Жоғарғы Соттың судьясы ірі көлемде ақша қаражатын алған кезде ұсталды", - делінген хабарламада.

Жоғарғы соттың мәліметінше, Түркістан облысы аудандық сотының судьясын бір соттан екінші сотқа ауыстыру бойынша Жоғарғы сот кеңесінде атқарған жұмысы кезінде көрсеткен көмегі үшін ақша берілген.

Реклама
Реклама

Бір уақытта Түркістанда аудандық сот судьясы ұсталды.

Сонымен қатар, Жоғарғы сот өкілдері өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайтынын айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная