03 желтоқсан 2021 | 15:12

Жоғарғы Соттың бұрынғы судьясы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда Жоғарғы Соттың бұрынғы судьясы Жанғұттинов бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық сот сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда Жоғарғы Соттың бұрынғы судьясы Жанғұттинов бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық сот сайтына сілтеме жасап.

Сот Жанғұттинов жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам ретінде (Жоғарғы Соттың судьясы, өкілеттіктері тоқтатылды) пара алу желеуімен Тұрғынбаевадан (Шымкент Әл-Фараби аудандық сотының судьясы, өкілеттіктері тоқтатылды) делдал Абдусаттаров арқылы 7 мың долларды ұрлауға тырысты деп тапты. Жанғұттинов ақша алған кезде ұсталған.

Тұрғынбаева делдал арқылы жауапты мемлекеттік қызметтегі адамға ірі көлемде – 27 мың доллар пара берген.

Реклама
Реклама

Тергеу органы Абдусаттаровқа қатысты құқық қорғау органына пара бергені туралы өз еркімен арыздануына байланысты қылмыстық істі сот талқылауына дейін тоқтатты.

"Жанғұттинов пен Тұрғынбаеваның кінәсі мына дәлелдемелер арқылы дәлелденді. Тұрғынбаева өз кінәсін мойындап, Абдусаттаров арқылы Жанғұттиновке пара ретінде ақша бергенін айтты, ол өз айғағын растады. Абдусаттаровтың ақшаны алғаны туралы қолхаты бар.

Тұрғынбаеваның қызы Абдусаттаровқа ақша аударылғанын растады. Тұрғынбаева мен Абдусаттаровтың кездесуі мен әңгімесінің жазбаларына қарағанда, олар ақшаны аударудың мән-жайы мен мақсатын талқылап жатқаны анық.

Жасырын тергеу әрекеттері, оқиға орнын тексеру нәтижесі бойынша Жанғұттинов Абдусаттаровтан 7 мың доллар алғаны анықталды", - деді сот.

Сот Жанғұттинов пен Тұрғынбаеваның судья антын бұзғаны жазаны ауырлататын мән-жай деп танып, нақты бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны әділетті санады.

"Жанғұттинов 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Тұрғынбаеваға жазаны жеңілдететін мән-жай – жасаған ісіне өкіну, қылмысты ашуға және қылмысқа басқа да қатысушыларды әшкерелеуге белсене көмектесу (ҚК-ның 55-бабы 4-бөлігі) ескеріліп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Екі айыпталушы да өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная