28 желтоқсан 2022 09:28

"Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалының басшысы ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

"Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалының басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалының басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалы - "Қала маңы тасымалы" басшыларының біріне қатысты соталды тергеп-тексеруді бастаған.

"Акционерлік қоғамы филиалының директоры 2020 жылдың қыркүйегі мен биылғы желтоқсан аралығында жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша қызмет көрсетушінің пайдасына жасаған әрекеттері мен жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде ақшалай қаражат алды деп күдіктеледі. Алынған пара сомасы 11 миллион теңгеден асады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметінше, 20 желтоқсанда күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынған.

Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram