ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қазан 2020 | 14:32
ЖСН арқылы несие: Алматыда алаяқтық жасаған күдікті ұсталды
Алматыда жергілікті тұрғынның атына ЖСН-ы арқылы несие алды деген күдікті ұсталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда жергілікті тұрғынның атына ЖСН-ы арқылы несие алды деген күдікті ұсталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Аталған қылмысты жасады деген күдікпен бұған дейін де Алматы қаласында осындай қылмыстық әрекеттер жасаған әйел адам ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - Алматы қаласы ПД өкілдері.
Жәбірленуші оқиғаның мән-жайын айтып берді.
"21 қазанда біз полицияға бардық. Маған күдіктілер табылғанын айтты. Ұсталған әйел адам мен ер адам кінәсін мойындап, менің атыма қалай микронесие алғанын айтып берген. Менің IBAN-ымды банк операторлары арқылы біліп алған, ал ЖСН-ды өзім айтқанмын, SMS хабарламаны менің атыма тіркеген номер арқылы алған. Мен қылмыскерлер тез арада табылады деп ойламадым. Тергеуші Н.Темірғалиев, тергеу бөлімінің басшысы Е.Қамзабеков пен жедел уәкіл К.Сасановқа алғыс білдіремін", - дейді алматылық.
Айта кетейік, бұған дейін алматылық тұрғынның Желіде ұялы телефонын сататыны туралы хабарлаған. Белгісіз біреу телефонды сатып алатынын айтып, ақша жіберу үшін сатушының ЖСН-ын сұраған. Сатушының картасына ақша артығымен түскен. Сөйтіп "сатып алушы" артық ақшаны қайтаруды сұраған. Артынша алаяқтар алматылық тұрғынның атына микронесие алғаны белгілі болған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также