18 шілде 2016 14:35

"Жұлдыз" ықшамауданында шабуыл жасалды делінген қауесет расталмады

Куәгерлер жіберген сурет

"Жұлдыз" ықшамауданында шабуыл жасалды делінген қауесет расталмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб хабарлады.
"Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб хабарлайды: қаланың әр бөлігінде ("Жұлдыз" ықшамауданы, Бостандық ауданындағы Spa-орталық) шабуыл жасалды делінген қауесет жалған. Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб тыныштықта сақтап, негізсіз байбаламға салынбауды сұрайды", - делінген хабарламада.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram