28 маусым 2017 14:03

Жүргізушілерден ақша жинаған қылмыстық топты ұстау сәтіндегі суреттер пайда болды

ҚР ІІМ баспасөз қызметінен

Жүргізушілерден ақша жинаумен айналысқан қылмыстық топтың ұсталған сәтіндегі суреттер пайда болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жүргізушілерден ақша жинаумен айналысқан қылмыстық топтың ұсталған сәтіндегі суреттер пайда болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, Жамбыл облысының аумағында жүргізілген арнайы операция барысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.

"Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері қалааралық бағыттағы көліктерден белгіленген сомада ақша алып тұрған. Заңсыз жолмен табылған ақша ары қарай түрмеде отырған қылмыстық әлем өкілдеріне аударылып отырған. Бұл ұйымдасқан қылмыстық топтың жылдық табысы 10 миллион теңгеден асатыны анықталды", - дейді Сәдубаев. 

Ұсталған 6 адамнан және жүргізушілерден ақша жиналғаны туралы жазбалар және өзге айғақ заттар тәркіленді. Қазіргі кезде күдіктілер істерін мойындайтын куәлік беріп жатыр. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram