Журналистерге жасалған арандатушылық шабуылдардың үйлестірушісі ұсталды - ІІМ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Журналистерге жасалған арандатушылық шабуылдардың үйлестірушісі ұсталды - ІІМ

Журналистерге жасалған арандатушылық шабуылдардың үйлестірушісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Журналистерге жасалған арандатушылық шабуылдардың үйлестірушісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІМ және ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырған күдікті топтың жолын кесті.

"Ұсталған топқа ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы "Қорқыту", 147-бабы "Жеке өмірге қол сұғу", 158-бабы "Журналистік қызметке кедергі келтіру", 202-бабы "Біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" және 293-бабы "Бұзақылық" бойынша айып тағылуда. Арандатушылық шабуылдардың тікелей үйлестірушісі - шетелдік азамат, білікті хакер О.Токарев Алматыда ұсталды", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Оның уақытша тұрып жатқан жерінен шабуылдарды басқару, анонимді Telegram-аккаунттарда "тапсырыстар" беру, орындаушыларды табу және олардың акцияларына ақы төлеу жүргізілген техника табылып, тәркіленді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама