ПОДЕЛИТЬСЯ
28 маусым 2021 | 09:27
Жұрттың 85 миллион теңгесін алдап алған павлодарлық әйел сотталды
Павлодарда тұрғын бір жарым жыл ішінде оннан аса адамды алдап, алаяқтық жолмен 85 миллион теңге иемденген. Әйел алты жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Павлодарда тұрғын бір жарым жыл ішінде оннан аса адамды алдап, алаяқтық жолмен 85 миллион теңге иемденген. Әйел алты жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімге сүйенсек, 29 жастағы павлодарлық әйел таныстары мен достарын алдаған, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі хабарландыру бойынша құрбанындарын іздеген. Алдау үшін ол әртүрлі қылмыстық схеманы қолданған.
Әйел өзін табысты кәсіпкер ретінде таныстырып, Ресей рублін сатып алу және сату бойынша бизнеске ақша салуды ұсынған және біреуіне күн сайын салымның бір пайызын, екіншісіне аптасына 10 пайыз төлеуге уәде берген. Салым сомасы 300 мыңнан 5,5 миллион теңгеге дейін өскен. Ақшаны алғанан кейін қоңырауларға жауап бермей, ізін жасырып отырған, ал біраз уақыт өткен соң жаңа қылмысты жүзеге асырған.
Алданғандар арасында бұрын айырбастау пунктінде әйелмен істеген әріптесі де болған. Әйел құрбысын ағасына операция жасау үшін 20 миллион теңге керек деп алдап кеткен. Көмек көрсеткісі келген айырбастау пунктінің қызметкері бастығынан қарызға ақша алған. Кейін ол қарызды төлеу үшін пәтерін сатуға мәжбүр болған.
Жәбірленушілердің бәрі әйелді бай кәсіпкер ретінде сипаттаған. Ол қымбат көлікпен, әдемі киініп және қолма-қол ақшамен жүрген.
2020 жылғы маусымда ол әлеуметтік желілерден Нұр-Сұлтан тұрғыны 9,5 миллион теңгеге Lexsus LX 470 автомобилін сататыны туралы хабарландыруды көреді. Ол көлік иесімен ақысын бөліп төлеуге келісіп, құжаттарды рәсімдеп, көлікті алып Павлодарға қайтады. Дәл осындай тәсілмен әйел тағы бірнеше адамды алдаған.
"Келтірілген зиянның жалпы сомасы - 85 032 840 теңге. Павлодар тұрғынының кінәлілігі жәбірленушілердің айғағымен дәлелденді. Куәлардың айғақтары, бетпе-бет хаттамалар және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелер бойынша расталды", - делінген Сот құжатында.
Сондай-ақ, әйелдің жәбірленушілерге тек 2,5 миллион теңге ғана өтегені хабарланды.
Павлодардың қылмыстық соты оған алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Апелляциялық сотта сотталушы 3 жасар бала тәрбиелеп отырғанын және қарт ата-анасы бар екенін айтып, жазаны бес жылға жеңілдетуді және кейінге қалдыруды сұраған. Сондай-ақ, ол жәбірленушілермен есеп айырысқанын ескерген. Алайда Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бұл уәждермен келіспеді.
Сот шешімі заңды күшіне енді. Сот сотталушының ұлын анасының қамқорлығына беру туралы шешім қабылдады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также