12 желтоқсан 2018 | 17:35

Жыл басынан бері мыңнан аса шенеунік парамен ұсталған

Жыл басынан бері мыңнан аса шенеунік парамен ұсталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жыл басынан бері мыңнан аса шенеунік парамен ұсталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомстводағылардың мәліметінше, ағымдағы жылдың 11 айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы 2 432 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді, оның 1 778 немесе 73 пайызы - сыбайлас жемқорлық деректері. Олардың жартысынан көбі парақорлық - 56 пайызы (1778-дің 997-сі), 45 пайызы - жымқыру (1778-дің 793-і) фактілері.

Реклама
Реклама

Жалпы сыбайлас жемқорлық үшін 1 096 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 20 республикалық деңгейдегі басшылар, 83 - облыстық және 134 - қалалық және аудандық деңгейдегі басшылар.

"Қазақстанда 2 жыл қатарынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің тұрақты төмендеу үрдісінің сақталуы ерекше назарға лайық. Бұл кешенді және жүйелі алдын алу шараларының, сондай-ақ азаматтық қоғам мен бизнестің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тартылуының елеулі өсуінің нәтижесі. 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда 17,7 пайыз төмен сыбайлас жемқорлық тіркелген. Ағымдағы жылдың 11 айында сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға төмендеді", - деп хабарлады агенттіктегілер.

Бірқатар өңірлерде сыбайлас жемқорлық қылмыстарының айтарлықтай төмендеуі байқалады. Басқа облыстармен салыстырғанда сыбайлас жемқорлықтың жоғары емес деңгейі Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақтөбе облыстарында.

Сонымен бірге, Жамбыл облысында олардың 45%-дан астамға, Қарағанды облысында - 30%-дан астамға едәуір төмендеуі байқалады.

Сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуі бойынша оң үрдіс бірқатар орталық мемлекеттік органдарда байқалады. Мұнда жағдайды жақсарту бойынша инвестициялар және даму (84-тен 32-ге) және ұлттық экономика министрліктері (16-дан 6-ға)  көшбасшылар болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары санының айтарлықтай төмендеуі білім (23 пайызға 213-тен 163-ке) және әлеуметтік қамтамасыз ету (56 пайызға 99-дан 43-ке) салаларында байқалады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы расталған хабарламалары үшін 180 азаматтың 25,8 миллион теңгеге ынталандырылғаны айтылады.

Жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысы сапасының артуы (әкімдік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша комиссиялары, әдеп жөніндегі кеңестер мен уәкілдері, өзге сабағаттық-кеңесші органдары жұмысының күшею), сондай-ақ азаматтық бақылау, барлық мақсатты топтармен кең көлемді ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар бойынша өңірлік үкіметтік емес ұйымдарының белсенді жандануы жағдайды жақсартудың маңыздығы аз емес факторы болды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік органдардың жеделдетілген цифрлануы, басқару шешімдерінің ашықтығы және азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету тұрмыстық жемқорлықты жоюға шешуші үлес қосады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, қазіргі таңда жалпы бағасы 6,9 триллион теңгеден аса 252 бизнес - жобалар Агенттіктің сүйемелдеуінде. Оның 32 пайызы бұл шетелдік үлесі бар жобалар.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная