ПОДЕЛИТЬСЯ
14 наурыз 2022 | 12:29
Қаңтар оқиғалары: мемлекеттік ғимараттарға келтірілген залал сомасы аталды
Қаңтардағы оқиғалар барысында мемлекеттік ғимараттарға келтірілген шығынның жалпы сомасы - 30 миллиард теңге. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Скляр Үкімет жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен бірлесіп, мемлекеттік ғимараттарды қалпына келтіру, тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті.
"Қаңтардағы оқиғалар барысында еліміздің сегіз өңірінде 42 мемлекеттік орган ғимараты зардап шекті. Олар - Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында. Залалдың жалпы сомасы шамамен, 30 миллиард теңге болады, оның ішінде 18 нысанды қалпына келтіруге республикалық бюджеттен 28 миллиард теңге жұмсалды", - деді бірінші вице-премьер Мәжілісте.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также