ПОДЕЛИТЬСЯ
02 наурыз 2022 | 15:05
Қаңтар оқиғасы: Алматыда қару-жарақ дүкенін тонағандарға қатысты сот үкімі шықты
Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкенін тонап кеткендерге қатысты үкімді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімі бойынша, Оңтай мен Жеңісхан "Алпамыс" аңшылық дүкенінен қару ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оларды бес жылға бас бостандығынан айырды", - деді Қилымжанов ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, лаңкестік әрекеттер мен тәртіпсіздіктерден бөлек, тонау, ұрлық, қару-жарақ ұрлау, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне күш қолдану фактілері тексеріліп жатыр.
Осы санаттағы 162 айыпталушыға қатысты 101 қылмыстық іс сотқа жолданған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также