07 қараша 2022 16:12

Қаңтар оқиғасы бойынша құқық қорғау органдарының 29 қызметкері күдікті деп танылған

Дина Шарипханова Корреспондент

Қаңтар оқиғасына байланысты қылмыстық істер бойынша құқық қорғау органдарының 29 өкілі күдікті деп танылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаңтар оқиғасына байланысты қылмыстық істер бойынша құқық қорғау органдарының 29 өкілі күдікті деп танылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Талдықорған және Алматы қалаларында тергеудің заңсыз әдістерін қолдану дерегі бойынша 8 полиция қызметкеріне қатысты екі қылмыстық іс сотқа жолданды.

Құқық қорғау және арнайы органдардың 29 қызметкері күдікті деп танылды, оның 8-і сотта, 20-сы іс материалдарымен танысу сатысында және біреуі тергеліп жатыр", - деді Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, ол ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларының мемлекетке опасыздық жасау, билікті күштеп тартып алу, билікті және қызметтік өкілетін асыра пайдалану ісі бойынша тергеудің аяқталғанын хабарлады.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, Бас прокуратура айыптау қорытындысын бекітіп, істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қарауға жіберген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram