29 маусым 2022 13:24

Қаңтар оқиғасы: Прокуратура қаза тапқандардың санын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде қаза тапқандардың ресми санына құқық қорғау органдарының азаптауынан қайтыс болғандар кірмеген. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде қаза тапқандардың ресми санына құқық қорғау органдарының азаптауынан қайтыс болғандар кірмеген. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздегі бар ресми ақпарат бойынша 232 адам қаза болды. Біз қылмыстық қудалау органымыз ғой, жеке жұмыс істейміз. (...)  Қаңтардағы оқиға кезінде қызметкерлердің заңсыз іс-әрекеттерінен, қылмыскерлердің іс-әрекеттерінен қаза тапқан адамдар бар. Мен қазір нақты санын айта алмаймын. (...)  Азаптаудан қайтыс болғандардың жеке тізімі бар, дәл қазір нақты саны есімде жоқ", - деді Шындалиев.

"Азаптаудан 6 адам, барлығы 238 адам қайтыс болды деген ақпарат бар. Рас па", - деп сұрады журналист.

Реклама
Реклама

"Иә. Қаңтар оқиғасы кезінде - 232, азаптаудан 6 адам қаза болды", - деп мойындады Бас прокурордың орынбасары.

Осылайша, қаңтардағы тәртіпсіздіктерден қаза тапқандардың ресми саны өсті. Сондай-ақ, Шындалиев құқық қорғау органдарында 15 адам күдікті деп танылғанын айтты.

"9 адам қамауға алынды. Сегіз адам - ​​ҰҚК қызметкері, біреуі - полицей. Олардың арасында Ұлттық ұлан қызметкерлері жоқ, тек ҰҚК мен полиция қызметкерлері бар", - деді ол.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады