Қаңтар оқиғасы: сотта тонаушыларға қатысты 41 іс қаралды

Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon 573
comments icon 0
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы соттарына қаңтар оқиғасына қатысты 82 қылмыстық іс түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы соттарына қаңтар оқиғасына қатысты 82 қылмыстық іс түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылдың 5 наурызындағы жағдай бойынша, Алматы қаласы соттарында 41 іс қаралып жатыр, 41 іс бойынша үкім шығарылған.

Қалалық сот мәліметінше, істер ҚР ҚК-ның 188-бабы 3-бөлігі "Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық" бойынша қаралып жатыр, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Реклама
Реклама

Істердің басым бөлігі Алматы және Әуезов аудандарының қылмыстық істер жөніндегі сотына түскен.

Ең жеңіл жаза 187-бап "Ұсақ-түйек жымқыру" бойынша 40 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде, ал ең ауыр жаза - 188-бап "Ұрлық" бойынша 2,5-4 жылға бас бостандығын шектеу. Сотта тонаушылар істеген ісіне өкініп, келтірілген шығынды өтегені айтылды. Сот үкім шығару кезінде осыны ескерген.

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер: Алматыда тонаушылар ісі сотта қаралып жатыр

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Дина Шарипханова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная