21 шілде 2022 | 09:25

Қаңтар оқиғасы: төрт сотталушы сот залында босатылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: tobolinfo.kz

Қостанай қаласы №2 сотында қаңтар оқиғасы туралы іс бойынша үкім жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ТоболИнфо" сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай қаласы №2 сотында қаңтар оқиғасы туралы іс бойынша үкім жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ТоболИнфо" сайтына сілтеме жасап.

Төрт сотталушы - Әмірбек Анурханов, Ерназар Рамазан, Дамир Абулов және Андрей Бурдюк 5 қаңтарда Қостанайда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан санкцияланбаған митингке қатысты, сондай-ақ, билік өкіліне зорлық-зомбылық жасады деп айыпталды. Сот отырысы барысында екінші айыптау алып тасталды.

19 шілдеде сот залында қорғаныс және айыптау тараптары арасында іс жүргізу келісіміне қол қойылған. Осы келісім шарттары бойынша сотталушылар кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеті үшін көпшілік алдында кешірім сұрап, сондай-ақ, жәбірленушілерге келтірілген залалды өтейді.

Реклама
Реклама

Прокурор тараптардың жарыссөзі кезінде қылмыстық істі жеңілдететін мән-жайды талап етті. Айта кетейік, сотталушылар келтірген залал өтелген, ол 399 375 теңге болды. Оның ішінде 277 375 теңге - Қазпоштаға, 36 мың теңге - Қостанай облысы Полиция департаментіне және 86 мың теңге - Қостанайдың ТКШ бөлімінің қазынасына түскен.

20 шілдеде үкім жарияланған.

"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 381-398-баптарын басшылыққа ала отырып, сот Анурханов, Рамазан және Абулов пен Бурдюкті ҚР Қылмыстық кодексінің 271-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, Анурханов пен Рамазанның әрқайсына 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындасын. Абулов пен Бурдюкке 3 жыл тағайындалсын. ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабы негізінде тағайындалған жаза сотталғандарға мынадай міндеттер бойынша шартты деп есептелсін: уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарламай тұрақты тұратын, жұмыс істейтін, оқитын жерін өзгертпеу. "Күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы "ешқайда кетпеу туралы қолхатқа" өзгертілсін. Түнде тұрғын үйден шықпау, уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарламай басқа жерлерге шықпау. Сотталған Анурханов, Рамазан, Абулов және Бурдюк сот залындағы қамаудан дереу босатылсын", - деді судья. 

Айыпталушылардың қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны іс материалдарымен дәлелденген. Процессуалдық келісім заңға сәйкес келеді, сондықтан сот оны бекіткен. Кінә толық мойындалған, сотталушылар жасаған ісіне өкінеді.

"Анурханов пен Рамазанға неге Абулов пен Бурдюкке қарағанда жаза көбірек тағайындалды? Анурханов пен Рамазанның тәртіпсіздіктерге қатысы Абулов пен Бурдюкке қарағанда көп, сәйкесінше жаза жасалған әрекетке сәйкес келеді", - деп түсіндірді судья.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная