02 қыркүйек 2020 | 09:44

Қапшағайда адам өлген жол апаты: күдікті прокуратура жүргізушісі болған

Видео кадрлары

Қапшағайдағы жаяу жүргіншілер өткелінде қалалық прокуратураның жүргізушісі қағып өлтірген 23 жастағы Владимир Власовтың отбасы туысын өлтірген адам жазадан құтылып кетеді деп қорқып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қапшағайдағы жаяу жүргіншілер өткелінде қалалық прокуратураның жүргізушісі қағып өлтірген 23 жастағы Владимир Власовтың отбасы туысын өлтірген адам жазадан құтылып кетеді деп қорқып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы, Қапшағай қаласында адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы 6 шілдеде түнгі сағат 1 шамасында болған.

Реклама
Реклама

Айыптау актісінде жүргізуші сақтандыру полисі негізінде Skoda Superb автокөлігін басқара отырып, жаяу жүргіншілер өткелі маңында жылдамдығын төмендетпей, жол ережелеріне сәйкес жолдан өтіп бара жатқан адамды қағып кеткені көрсетілген. Апат салдарынан көптеген жарақат алған жігіт алты сағаттан кейін ауруханада қайтыс болған.

Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, бірақ бұл іс қоғамда қызу талқыланған, себебі жол-көлік оқиғасының видеосы Желіде жарияланған. 

"Сот отырысы басталғанға дейін біз іс материалдарымен танысқан кезде, соқтығысу кезінде жылдамдыққа сараптама жүргізілмегенін білдік, дегенмен біз сараптама жүргізу керек деп айттық. Істе апатқа кінәлі адамның сөзі ғана бар, ол сағатына 50 шақырым жылдамдықпен жүрдім дейді. Жол апатына кінәлі адам - қалалық прокуратураның жүргізушісі. Біз сот отырыстарына қатысушы Қапшағай қаласының прокуроры айыпталушының мүддесіне жұмыс істеп, бұл процесс әділ әрі ашық болмайды деп ойлаймыз", - деді марқұмның отбасы жалдаған адвокат Рамиль Мұхамадиев.

Оның айтуынша, жол апатына кінәлі адам дереу анықталғанына қарамастан, ол 14 шілдеде ғана қамауға алынған. Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлімі ("Абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет") бойынша ашылды.


Владимир Власов. Фото отбасы мұрағатынан

"Бізге оның 8 шілдеден 14-іне дейін ауруханада жатқаны айтылды. Бірақ 6-8 шілде аралығында ол ауруханада болмады ғой. Қамауға кеш алынғандықтан, наркологиялық сараптама жүргізілмеген. Айыпталушының туыстары марқұмның отбасымен татуласуға тырысып жатыр, бірақ олар мұны өте дөрекі түрде жасайды. "Міне, 1,5 миллионды. Алыңдар да, мұның бәрін доғарыңдар". Олар марқұмның ағасына өте жағымсыз нәрселер жазады", - деді адвокат.

Қаза тапқан жігіттің анасы қазақстандықтарға бейнеүндеу жариялаған. Оның айтуынша, жол апатанына кінәлі адам жазадан құтылып кетуі мүмкін. 

"Барлық құқығымыз бұзылды, тергеу кезінде барлық өтінішіміз еленбейді, сотта судья бізге істі қараудың жеңілдетілген процедурасы бар - бар-жоғы 10 күн екенін айтады", - деді видеода Елена Власова. 

Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер істің облыстық прокурордың бақылауында екенін мәлімдеді. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная