ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қаңтар 2021 | 13:10
Қапшағайда жасырын жұмыс істеген казино әшкере болды
Қапшағайда полицейлер карантин талаптарын бұзып, жасырын жұмыс істеген казиноны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қапшағайда полицейлер карантин талаптарын бұзып, жасырын жұмыс істеген казиноны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Санитар дәрігердің қаулы талаптарын сақтамай, карантин ережелерін өрескел бұзған казино иесіне 900 мың теңгеден аса айыппұл салынған.
Қапшағай қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері арнайы рейд барысында коронавирустың жаппай таралуының алдын алуға бағытталған карантин шектеулерін ескермей, жасырын қызмет еткен казиноның әрекетін әшкереледі.
"Облыстық бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, барлық казиноланың қызметіне шектеу қойылған. Алайда қаладағы бір казиноның ойыншыларды қабылдағаны анықталды. Біз барғанда ойын мекемесінде 60 жуық адам болды. Осы дерек бойынша жинақталған фото-бейне материалдар қажет шара қолдану үшін мүдделі мемлекеттік органға жіберілді", – деді қалалық полиция бөлімінің басшысы Манат Айтмұханбетов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также