ПОДЕЛИТЬСЯ
17 ақпан 2022 | 17:08
Қапшағайда қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасады деген күдіктілер ұсталды
Қапшағайда Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасады деген күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Көліктегі полиция басқармасының бастығы Оңал Бекиев мәлімдеді.

Полиция мәліметінше, 9 ақпанда Қапшағайдағы жалдамалы пәтерлердің бірінде Алматы облысының екі тұрғыны ұсталған. Олар Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, 18 атыс қаруын ұрлады деген күдікке ілінді. Күдіктілерді ұстау кезінде ұрланған қарулар тәркіленді.
"Бұған дейін көлік полициясы олардың 32 жастағы серіктесін ұстаған болатын. Аталғандарға қатысты тергеу соты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Бекиев.
Суреттерді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынды
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также