"Қара бүркіт" түрмесінде 19 қызметкер коронавирус жұқтырды

"Қара бүркіт" түрмесінде 19 қызметкер коронавирус жұқтырды © Тұрар Қазанғапов

Қостанай облысы Жітіқара қаласында "Қара бүркіт" түрмесінде 19 қызметкерден коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысы Жітіқара қаласында "Қара бүркіт" түрмесінде 19 қызметкерден коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 ер адам мен 8 әйел адамнан СOVID-19 анықталғаны белгілі болды. Олардың барлығы УК-161/3 мекемесінің 21-54 жас аралығындағы қызметкерлері. Олардың осыған дейін науқастармен байланыста болғаны анықталды.

Қазіргі уақытта науқастар Жітіқара қалалық ауруханасына жеткізілді, ем алып жатыр.

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, "Қара бүркіт" түрмесі  Жітірақадан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде орналасқан. Онда Владислав Челах, алматылық атқыш Руслан Күлекбаев жазасын өтеп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама