14 қыркүйек 2020 | 08:12

Қарағанды әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабеков ұсталды

© karagandaNV

Мамандандырылған прокурорлар және антикоррупция қызметі Қарағанды әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабековке қатысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамандандырылған прокурорлар және антикоррупция қызметі Қарағанды әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабековке қатысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шенеуніктің ұсталғанын антикоррупция қызметіндегілер растады және іс бойынша хабар таратты. Ведомствоның мәліметінше, Шалабековке қатысты қылмыстық іс қозғалған. Алайда қай бап бойынша екені тергеу мүддесіне сәйкес айтылмады.

Реклама
Реклама

"Қарағанды облысы мамандандырылған прокурорлар басқармасы Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғады. Жедел-тергеу тобының құрамында антикоррупция қызметінің мамандары да бар. ҚР ҚПК-нің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеудің деректерін жариялауға болмайды. Оны прокурорлар рұқсат бергеннен кейін тергеуге қарсы келмесе және басқа да тұлғалардың заңнамалық мүддесі мен құқығын бұзбаса ғана айтуға болады", - деді антикоррупция қызметіндегілер.

Жақсылық Шалабеков Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары болып өткен жылдың ақпанында тағайындалған. 2011 жылдан бастап 2019 жылға дейін ол қаланың құрылыс бөлімін басқарды. Шалабеков әкімнің орынбасары болғанда жер пайдалану, қала құрылысы, сәулет, үйді және әлеуметтік нысандарды пайдалануға беру мәселелеріне жетекшілік етті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram