Қарағанды облысында 5,8 миллион доллар тұратын құрал-жабдығы бар майнинг фермасы анықталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Қарағанды облысында 5,8 миллион доллар тұратын құрал-жабдығы бар майнинг фермасы анықталды Видеодан алынған кадр

Қаржы мониторингі агенттігі Қарағанды облысында заңсыз майнинг дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі агенттігі Қарағанды облысында заңсыз майнинг дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Майнинг фермасының жұмысына 40 тонналық төрт контейнер тартылды, онда майнингке арналған 1 173 жабдық орналасқан. Барлық жабдықтың бағасы 5,87 миллион АҚШ доллары немесе 2,5 миллиард теңге болады", - делінген хабарламада.

"Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағының басқарма төрағасына қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама