Қарағанды облысында әскери қызметші есірткі партиясымен ұсталғаны расталды

Қарағанды облысында әскери қызметші есірткі партиясымен ұсталғаны расталды Midjourney

Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі Қарағанды облысында әскери қызметші есірткінің ірі партиясымен ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі Қарағанды облысында әскери қызметші есірткінің ірі партиясымен ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз қызметі ақпаратына сәйкес, 10 қарашада ҰҚК Жетісу облысы бойынша департаменті Сарыөзек гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің демалыста жүрген әскери қызметшісін есірткі затын тасымалдау кезінде ұстады.

"Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Құрлық әскерлері бұл оқиғаны жан-жақты және объектив тергеу мақсатында құқық қорғау органдарына толық көмек көрсетіп жатыр", - деді баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Бұған дейін әскери бөлімдердің бірінің командирі көлігіндегі он екі келі күдікті ұнтақпен ұсталғаны туралы хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама