05 сәуір 2024 14:58

Қарағанды ​​облысында екі бала өлі табылды: анасы күдікке ілінген

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қарағанды ​​облысында екі бала өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​облысында екі бала өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды ​​облысы Бұқар жырау ауданында екі және төрт жастағы балалар өз үйінен өлі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар өлтірілген. Олардың денесінен зорлық-зомбылық іздері табылған. Қылмысты жасады деген күдікке балалардың анасы ілінді.

"4 сәуірде Бұқар жырау ауданындағы елді мекендердің бірінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар 2-4 жас аралығындағы балалардың мәйіті табылды. Соталды тергеу басталды. Олардың анасы күдікті ретінде ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған", - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ведомство бұл іске қатысты бірқатар сараптама тағайындалғанын қосты. Қылмыстық істің тергеуі Қарағанды ​​облысының Полиция департаменті бастығының бақылауында. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram