25 қаңтар 2021 16:15

Қарағанды облысында ер адам зейнеткерді тонап кетті

Көрнекі сурет: pixabay.com

Теміртауда зейнеткерді тонады деген күдікпен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда зейнеткерді тонады деген күдікпен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қаңтарда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне 65 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Зейнеткер үйінің кіреберісіне кірген кезде оған кенеттен белгісіз ер адам шабуыл жасаған. Ол жәбірленушінің қолынан 500 мың теңге салынған әмиянын жұлып алып, қашып кеткен.

Реклама
Реклама

Жәбірленуші күдіктінің 40-45 жас аралығындағы ер адам екенін айтып, оның сырт келбетін сипаттап берген.

"Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 22 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті ретінде 43 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақ заттар алынды", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram