ПОДЕЛИТЬСЯ
05 наурыз 2020 | 09:08
Қарағанды облысында жол апатына кінәлі адам 27 жылдан кейін ұсталды
Қарағанды облысындағы жол-көлік оқиғасына кінәлі адам 27 жылдан кейін ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды облысындағы жол-көлік оқиғасына кінәлі адам 27 жылдан кейін ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 1993 жылдың 6 қарашасында Алматы-Екатеринбург тас жолында болған. 28 жастағы КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, "Москвич" көлігімен соқтығысып, оқиға орнынан қашып кеткен. Нәтижесінде жеңіл көліктің жүргізушісі және екі жолаушы қаза тапқан. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілген.
Аталған дерек бойынша ҚазССР Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша (қазіргі ҚР ҚК 345-бабы) қылмыстық іс қозғалған.
Жүк көлігінің жүргізушісіне іздеу салынған. Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкерлері оны 2020 жылдың 1 наурызында ұстаған. Ер адам Мәскеу жақта жалған құжатпен жүрген. Күдікті Ресей ІІМ Очаково-Матвеевскоедегі тергеу изоляторына қамалған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также