1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Қарағанды облысында кәсіпкер мемлекетке 300 миллион теңге шығын келтірді

Қарағанды облысында жалған шот-фактураларды жазып беру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігінің

Видеодан алынған кадр

Қарағанды облысында жалған шот-фактураларды жазып беру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті нақты жұмыс орындалмаса да жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан "ГорСнаб" ЖШС директорын анықтады.

"Ол басқа кәсіпорындармен жарамсыз мәмілелер жасап, жалған бухгалтерлік құжаттар ұсынған. Заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін ол мәміленің жалпы сомасының 3 пайыз мөлшерінде сыйақы алып отырған", - деп хабарлады агенттік.

Нәтижесінде, мемлекетке 300 миллион теңгеден аса шығын келтірілді. ЖШС директоры 2,6 жылға сотталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!