25 қаңтар 2022 | 15:05

Қарағанды ​​облысында қызметкерлер қарттар үйінен 5 жыл бойы зейнетақы жымқырған - ҚМА

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

Қарағанды ​​облысында қарттар үйінен зейнетақы төлемдері мен жәрдемақы жымқыру схемасы әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды ​​облысында қарттар үйінен зейнетақы төлемдері мен жәрдемақы жымқыру схемасы әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 5 жыл бойы қарттар үйінің қызметкерлері "Қазпошта" филиалы өкілдерімен зейнеткерлер мен мүгедектердің жәрдемақысы мен зейнетақысын алып келген.

"18 қаңтарда пәтерлердің бірінде қылмыскерлер ұрланған 1,3 миллион теңгені өз араларында бөлісіп жатқан кезде қолға түсті. Бұл ақша биылғы қаңтарға 25 зейнеткер мен мүгедекке әлеуметтік төлемге бөлінген", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная